Философиямыз туралы көбірек біліңіз

KUSTO КОМАНДАСЫ ШЕТЕЛДЕ ТАБЫС ТАБАДЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАЙДЫ

Біздің бірінші бизнесіміз экспортқа бағдарланған, басқа елдерді, ал онда – біздің құзыреттеріміз бен ресурстарымызды қолдану кезінде өсу нүктесі бола алатын қандай да бір индустрияларды көру мүмкіндігі туды. Бірақ, бұдан басқа біз – Қазақстандағы кәсіпкерлердің бірінші ұрпағымыз, өйткені мұндағы капитализмге небәрі 25 жыл.

БИЗНЕС – БҰЛ ӘРҚАШАН КҮРЕС

«Бизнес - бұл әрқашан күрес, ал жекпе-жек өнерінде бір күрес тәсіліне ғана сену өліммен тең.

Сондықтан қазақтар айтқандай, «сегіз қырлы – бір сырлы», яғни көп қырлы» болу керек».

Еркін Тәтішев

Kusto тобының негізгі иесі

Жоспарымыз – екі-үш жылда KazBeef-ті 10 есеге кеңейту

Kusto бір кездері «ҚазАгро» пилоттық жобасы, кейін жекешелендірілген KazBeef мал шаруашылығы компаниясының мажоритарлық инвесторы болды. Бұрынғы иелері бизнесте кіші серіктес ретінде қалды. Бірінші кезеңде $15 млн салынады.

«Біз келгенде, ондағы активтер пассивтерге тең болды, есесіне жеті жыл ішінде жинақталған тәжірибе мен құзыреттер болды. Барлығы дұрыс жасалды, тек көлемді ұлғайту керек болды, бірақ ақша жетпеді», – деп бизнесмен Еркін Тәтішев таңдауды түсіндірді. 

Содан кейін KazBeef тәжірибесін көшіру арқылы (басқа өңірлерде модельді қолдануға дайын әріптестер бар) өндірісті жылына 100 мың тонна етке дейін жеткізу міндеті қойылады.