Біздің бренд амбассадорымыз туралы көбірек біліңіз

KAZBEEF-тің Дубайдағы бренд амбассадоры

Британдық бас аспазшы Robert Rathbone үшін тамақ аспаздық – бұл нағыз құмарлық. Роберт Solutions Leisure Group мейрамханалар желісінде Group Executive Chef болып жұмыс істейді. Оның жұмыс істеген жерлері - Жергілікті көпшілік сүйетін STK (steakhouse) кештерімен танымал Lock Stock and Barrel барлары және Asia Asia (пан-азиялық мейрамхана), және трендтік Koyo (жапон мейрамханасы).   

«KAZBEEF» СИЫР ЕТІ – БҰЛ ӘРҚАШАН БАЛҒЫНДЫҚ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ САПАҒА КЕПІЛДІК БЕРУ»

Robert Rathbone

«KAZBEEF»-тің Дубайдағы бренд амбассадоры

Ет тағамдарын дайындау үшін Robert Қазақстанда өндірілген «Kazbeef» етін пайдаланады. Роберттің айтуынша, «Kazbeef» сиыр еті – бұл әрқашан балғындық және кепілдендірілген жоғары сапа. Бұл етті қонақтарға ұсына отырып, Роберт оның сапасына ешқашан алаңдамайды:

Қазір бұл БАӘ нарығындағы ең жақсы өнім шығар. «Kazbeef» өндірген сиыр еті клиенттерге өте ұнайды – себебі қазір сапасы жақсы және табиғи дәмі бар ет үлкен сұранысқа ие.

«KAZBEEF» – БҰЛ ӘРҚАШАН БАЛҒЫНДЫҚ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ САПАҒА КЕПІЛДІК БЕРУ

Сонымен қатар, «Kazbeef» өнімдерімен жұмыс істеу жағымды: ол дайындалған, ыңғайлы вакуумдық орамада келіп түседі. Өңдеу іс жүзінде қажет емес және қалдықтар іс жүзінде жоқ. Бұл ет «алдын-ала тексеруді» қажет етпейді, ол жақсы көрінеді, ал егер тұтынушы өнімді одан тағам дайындамас бұрын көргісі келсе, оны шикі түрінде көрсету ұят емес.

Дубайдың рестораторлары «Kazbeef» мәрмәр сиыр етінің дәмін лайықты дәрежесіне қарай бағалай алды.